Оқу ісі жөніндегі «Әймен орта мектебі» отдела образования Шуского района бойынша 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптардың электронды журналдарының толтырылуы туралы анықтама Қаңтар айы, 2024 жыл » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Оқу ісі жөніндегі «Әймен орта мектебі» отдела образования Шуского района бойынша 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптардың электронды журналдарының толтырылуы туралы анықтама Қаңтар айы, 2024 жыл
31
январь
2024

Оқу ісі жөніндегі «Әймен орта мектебі» отдела образования Шуского района бойынша 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптардың электронды журналдарының толтырылуы туралы анықтама Қаңтар айы, 2024 жыл

    Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысанын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, сынып журналы орта білім беру ұйымының әрбір мұғалімі жүргізуге міндетті болып табылатын мемлекеттік құжат.

    Оқу жылының басында мұғалімдердің күнделік.кз порталында электронды журналды толтыруда бірыңғай орфографиялық талаптардың сақталуына талдау жасалынып, электронды нұсқада сынып журналдарын толтыру ережелері аясында сынып жетекшілерге және пән мұғалімдеріне  нұсқаулық берілді.

   08.01-31.01.2024 жыл  аралығында мұғалімдердің күнделік.кз порталында электронды журналдардың талапқа сай жүргізілуі қадағаланды. Алайда, қадағалау барысында пән мұғалімдері тақырыптық күнтізбелік жоспарды толық жоспарламағаны, домтапсырмаларын уақытылы жазбаған, сабақ өткізілді белгісіне құсбелгісін уақытылы дұрыс қойылмағандықтары анықталды. Апта бойынша тоқталар болсақ, нәтиже төмендегідей:

   08.01.-12.01.2024 жыл аралығында  Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Асан А. Үй тапсырмасын уақытылы толтыру- 64,2% , журналды уақытылы жүргізуі -71%. Технология пәнінің мұғалімі Баянова А.Ж. домтапсырмасын уақытылы   толтыру-94%. Бастауыш сынып мұғалімі Есенқұлова М.Ш. домтапсырмасын толтыруы -95,2%. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кермешева Ә.К. домтапсырмасын уақытылы толтыруы-89,4% Бастауыш сынып мұғалімі Ораз М. домтапсырмасын уақытылы толтыруы -75%. Технология пәнінің мұғалімі Сарсембаев Ж. домтапсырмасын уақытылы толтыруы 57%, тақырыптарды толтыруы 0%, жоспарлауды жүргізуі -28,5%. Бастауыш сынып мұғалімі Солтанхан А. тақырыпты толтыруы -80%. Математика пәнінің мұғалімі Утепова А. Үй тапсырмасын уақытылы толтыру -95,8% құрады.Осы апта ішінде мұғалімдер домтапсырмасын уақытылы толтыруда  өрескел қателіктер жіберген.

 12.01-19.01.2024 жыл аралығындағы электронды журналдың жағдайы төмендегідей:

   Бастауыш сынып мұғалімі Муса К. Үй тапсырмасын уақытылы толтыруы-86,6%. Бастауыш сынып мұғалімі Ораз М. домтапсырмасын уақытылы толтыруы -80%. Биология пәнінің мұғалімі  Сандибаева А. тақырыптарды толтыруы-85,5%. Технология пәнінің мұғалімі Сарсембаев Ж. тақырыптарды толтыруы-0%  көрсетті. Бұл аптада күнтізбелік тақырыптарды күнделікке ілмеген ұстаздар да анықталып, түсінік алынды.

   22.01-26.01.2024 жыл аралығында  барлығы 412 журнал толтырылған. Жіберілген қателіктер қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дайлыбекова Э. Үй тапсырмасын уақытылы толтыруы -96%.Технология пәнінің мұғалімі Сарсембаев Ж. домтапсырмасын уақытылы толтыруы 71,4% көрсетті. 

     29.01-02.02.2024 жыл аралығында барлығы 403 журнал толтырылған. Апта ішінде жіберілген кемшіліктер, технология пәнінің мұғалімі Баянова А. домтапсырмасын уақытылы толтыруы-88,2 %, география пәнінің мұғалімі Закбек Ж. журналды уақытылы жүргізуі -99 %, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тутан М. журналды уақытылы жүргізуі 99,5 %. Бастауыш сынып мұғалімі Хаджиева О. домтапсырмасын уақытылы толтыруы-85% көрсеткен. 

  Жоғарыда жіберілген кемшіліктері бойынша мектеп мұғалімдерімен   күнделік.кз порталында электронды журналдардың талапқа сай жүргізілуі туралы айтылып,  ауызша ескерту жасалынды. Кеткен кемшіліктер бойынша нұсқаулар берілді. 

Ұсыныстар:


  1. Күнделік.кз электронды журналын уақытылы толтырылуы бақылауға алынсын.