"Мектебім - мерейлі мекенім" » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2023

"Мектебім - мерейлі мекенім"

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Әймен орта мектебі» КММ –сі

бойынша 5.09-7.09.23 ж аралғында өткен «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл»  атты тіл апталығына анықтама.


Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күніне орай бұйрыққа сүйене отырып 3 күндікке арналған жоспар құрылды.  5-7 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар ,ашық сабақтар қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде өтті.

Сейсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының гимнімен ашылды. Шараны  «Тілшілер» , «Жас қанат» бірлестігі литмонтаж,тілдің шығу тарихын,ойынмен жалғастырды.

Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,білім беру, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. 

Тілшілер пән бірлестігі 5.09 күні «Тіл –өлшеусіз қазына,өрісің кең әлем» эссе байқауын 5-11 сыныптар аралығында өткізді. 

Кермешова А.К. 7 «А» сыныппен «Discussion about hobbies and leisures activities» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып,сабаққа деген сүйіспеншілігін танытты. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.

Жас қанат пән бірлестігі орыс бастауыш сыныптарымен «Язык откроет мир знаний» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара өз деңгейінде өтті. Оқушылар тіл туралы тақпақтарын айтып,әндерін шырқап,билерін биледі.

Лингвист пән бірлестігі 5-6 сыныптар аралығында «Знатоки русского языка» тақырыбында ойын сайысын өткізді.  Сайысқа оқушылар лед экран арқылы ұсынылған ойын түріндегі сұрақтарға белсене қатысып,ұпайларын жинап отырды. Сабақ қызықты өтті.

Тілшілер пән бірлестігі   6-10 сыныптар арлаығында « Тіл –ұлттың жаны» тақырыбында дебат өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп,бірінші топ қазақ тілінде сөйлемейтін оқушыларды,екінші топ  қазақ тілінің мәртебесін көтерудегі тақырыпты көтерді. Дебат өте керемет,өз деңгейінде өтті.

Жас қанат пән бірлестігі қазақ бастауыш сыныптарымен « Тіл - менің тірегім» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар тақпақтарын айтып,әндерән шырқады. Іс-шара өз деңгейінде өтті.

6.09 күні «Жас қанат» пән бірлестігі өткізген сыныптан тыс іс-шараға Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі  Айжан Жарылқасынқызы қатысты. Іс-шара өте қызықты,жоғарғы деңгейде өткенін айтып, рақметін айтты. 

Орындаған педагог-ұйымдастырушы: Дуйсенбиева А.А.