24.11.2023 жылы «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы тақырыбында аудандық семинар өткізілді. » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 24.11.2023 жылы «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
04
март
2024

24.11.2023 жылы «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы  бойынша  білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24.11.2023 жылы «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: ұлттық сана сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.  Семинар мектеп оқушыларының «Шаңырақ» хорымен, «Мұрагер» ансамбілінің орындауында халық күйі «Тепең көк», мың бұралған «Қазақ биі» жеке орындаудағы «Алғыс әнімен ашылды. Мектептің ардагер ұстаздары семинарға келушілерді «Шашу» шашу дәстүрімен қарсы алды. Әрі қарай семинар «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы тақырыбына арналған таныстырылымымен ұштасты. Таныстырылымда ұлттық ойындар, ұмыт болып бара жатқан салт- дәстүрлер, қазақтың музыкалық аспаптары, киелі сандар, ұлттық мерекелер және «Оқуға құштар» жобасы аясында оқушыларды кітап оқуға баулу тақырыптарында ұйымдастырылды. Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлердің ішінен «Үме», «Сыралғы», «Сірге мөлдірету», «Деңгене», «Бәсіре» сияқты екінің бірі біле бермейтін дәстүрлерді жаңғыртты. Ұлттық музыкалық аспаптар бойынша «Дауылпаз», «Тайтұяқ» аспаптарының маңыздылығын түсіндірді. Киелі сандарға байланысты қазақтың ырымдарымен таныстырылды. Семинарға қатысушылармен «Тәрбие негізі -ұлттық құндылықтарда» және «Шежіре –тарихи және рухани құндылық» тақырыптарында коучинг ұйымдастырылды. Осы коучингтерде тәрбиенің үш бағыты ар ұят, талап, мүдде бағыттары бойынша ой пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Шежіре тақырыбында өткізілген коучингте жеті ата, жеті ұрпақ, жеті пұсты атауларына толығырақ тоқталды. Ататек атаулары бойынша «Туажат», «Жұрағат», «Жекжат» топтарына бөлініп өз ойларын, ұмыт болып бара жатқан туыс атауларын еске түсірді.   Мектеп оқушыларымен «Роль лошади в традиционной культуре казахов», «Ғасырмен үндескен- Қобыз», «Ұлттық құндылықтар-ел қазынасы», «Национальные ценности культуры казахского народа» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарында жылқының қасиеттері, қобыз аспабының қоңыр дауысының ғасырмен ұштасуы