Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
04
март
2024

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жыл басында Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ Ювиналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларымен бірлескен жұмыс жоспары құрылып, білім алушыларға жоспарға сай  түсіндірме жұмыстар жүргізіліп келеді. Іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  учаскелік полиция майоры К.К.Киндикбаева білім алушыларға сабақты себепсіз қалдырмауды, мектеп ережесін қатаң сақтауды ескертті. Сонымен қатар сабақты жиі қалдыратын, мектеп формасын сақтамайтын оқушылардың ата-аналарымен жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту берді.  Қаңтар айы бойынша аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Тюлюбекова Райгуль Рашидовна мен полиция майоры К.К.Киндикбаева мектеп әкімшілігімен бірлесіп  сабақтан себепсіз қалған оқушылардың үйіне рейд жасады. Мұндай іс-шарлар ҚР Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу мақсатында жыл аяғына дейін жүргізіледі.