Алтын күз жәрмеңкесі » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2023

Алтын күз жәрмеңкесі

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Әймен орта мектебі» КММ –сі бойынша 13.10.2023 ж өткен күзгі жәрмеңкеге анықтама.


Міне, сары сабаз  жаңбырлы күз де келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.

Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың  бал-бұл жанған жүзі десек қателеспейміз Осы күндердің нағыз шырайы- мектеп ауласында шат-шадыман бала күлкісімен  өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып табылады.

Жәрмеңке- еңбегі екі еселене түсетін, пайдасы мол оқушы еңбегінің жарқын көрінісі. Бұл күні  мектеп ауласына қаз қатар тізілген үстелдер, түрлі-түсті боялар нақышында салынған суреттер мен  сатушы бейнесін сомдайтын  оқушылар мен сынып жетекшілер қызу жұмыс жасайды. Ең бастысы- бұл күні Үштік Одақтың   тығыз байланысы орын алады. Яғни, жәрмеңкеде мектеп- ата-ана және оқушының бірлескен жұмысын көруге болады.Жәрмеңкеде басауыш сыныптары әр ұлттың тағамдарымен,дәстүрімен және киімдерімен таныстырды. Ұйымдастырушы бастауыш сыныптар тарапынан және сынып жетекшілері күз көріністерінен тақпақтар айтылып, әсем әндерімен және билерімен  жәрмеңкеге   келушілердің   көңіл күйлерін көтерді.

Дәстүрге айналған күзгі жәрмеңке келер жылы да өз жұмысын жалғастырады. Еңбек түбі-береке екенін әрқашан да жадымыздан шығармағанымыз жөн.  Ендеше, күзгі жәрмеңкеге қош келдіңіздер демекпіз!