Халықаралық қарттар күні » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2023

Халықаралық қарттар күні

Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Әймен орта мектебі» КММ –сі бойынша 5 қазан «Халықаралық қарттар күніне» орай өткізілгеніс –шаралар туралы анықтама

Мектепте 25 қыркүйек  пен  5 –ші қазан аралығында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» мерекелік кеш, концерт өткізілді..  1 – қазан күні «Қарттар күніне» арнап ашық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні осы мектепте бұрында жұмыс істеген, қызмет атқарған апайлар  мен ағайлар, ауыл қарттары келді, оқушылар қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып,бата берді.

       Сонымен қатар мектеп әкімшілігі қарттарды мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін  білдірді. Қарттар ризашылығын білдіріп,алғыстарын айтты. Қарттар мерекесіне арналып «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбы бойынша тәрбие сағаттар өтілді және сол қарттарды сыныптарымен сынып жетекшілер барып құттықтап,сыйлықтарын тарту етті.       Қорыта айтқанда, барлық жасаған сый – сияпаттарымызға еңбек ардагерлері риза болып, алғыстарын білдіріп, мектеп парламенті жайған дастарханға бата беріп,тағамнан ауыз тиді.


Орындаған:  педагог-ұйымдастарыушы   Дуйсенбиева А.А.







Похожие публикации:

07 ноябрь 2023 ұстаздар күні
14 июль 2023 Мектеп тарихы