Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бабаева А.К » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бабаева А.К
11
март
2024

Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бабаева А.К

         «Әділетті қоғам- адал азамат»

  «Әділетті қоғам- адал азамат» семинарын жетекші ғылыми қызметкер Хамитова Акбота Камоевна  «Әділетті Қазақстан: жасампаздық жолында» тақырыбында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды стратегиялық міндеттер мен терең мағыналы құндылықтар, өзекті, маңызды мәселелерді жан-жақты талқылап түсіндіріп берді. 

    Қазақстан Президенті «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» сияқты ұғымдарды біздің қоғамымызда басымдық танытуы тиіс екенін атай келіп, жастар арасындағы креативтілік, ашық сұхбатқа дайындық сияқты қасиеттердің кеңінен таралуына назар аударды. 

   «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз керек деген ұстанымды ұстанатын «Әділетті Қазақстан» ұрпағын тәрбиелеуіміз керек деген тұжырымға келдім. Біз жастар «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдарын ерекше құндылықтар ретінде дәріптеп қана өркениетті елдің қатарына қосыла аламыз деп достарымды «Әділетті Қазақстанның»  тұлғасы болуға шақырамын. 

     Бүгінгі семинарда жас бүлдіршіндерге терең білім берген Хамитова Акбота Камоевна апайға мың алғыс айтамын. 

   Семинардың екінші кезеңінде ғылыми жетекшіміз Оспанова Әсия Әділқызы оқушыларға жаттығулар мен тапсырмалар, жоба жұмыстарын орындатты. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы қызығушылығым, патриоттық сезімім арта түсті, танымдық қабілетім қалыптасты.

Мен семинар барысында «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсысымыз үшін... Қазір және әрдайым» тақырыбында жоба жасадым.

Жобамда «Мен директоры болатын  болсам... позициясын  креативті ойымды ортаға салып талқыладым. Жобамда болашақта атқаратын жұмыстарымды жүйелі жеткізе білдім.

    Екікүндік семинардан алған әсерім өте мол болды. Өзімді «Әділетті Қазақстанның- адал ұрпағымын» деп айта аламын.

                                                                                                                                                                                                                                        Еңбекшіқазақ ауданы,     Әймен орта мектебінің

                                                                                                    10 «А» сынып оқушысы                                                                        

                                                                                        Сатей Ақмамық                                                                                                                                                                                                       Жетекшісі –Нук Еркегул