Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бабаева А.К » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бабаева А.К
11
март
2024

Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Бабаева А.К

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік мекемесінің «Әймен орта мектебі» КММ-нің  «Жалын» пән бірлестігінің онкүндік аясында өткізілген   іс –шараларға                         

                                           сараптама.



Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі 5.02.-16.02.2024ж аралығында жоспарға сай ,өз деңейінде өткізілді. Жоспарланған іс-шаралар мақсатына сай ,барлық сынып оқушыларын қамтыды.Онкүндіктің ашылуы акт залында «Мәңгілік ел –Мәңгілік тіл» атты іс –шарамен ашылып,жоспарына таныстырылым жасалды . Сахнада бастауыш сынып ,жоғарғы сынып оқушылары тіл туралы мақал –мәтел ,көркем сөз,таныстырылым көрсетіп,ұстаздар өлең жолдарын жолдады. 

Онкүндік аясында үлгілі ашық сабақтар ,сыныптан тыс іс-шаралар жаңаша бағытта жалғасын тапты. Ашық сабақтарда пән иелері жаңашылдыққа, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерге ,бағалау жүйесіне көп назар салып сабақтарын өткізді. Атап айтсақ пән иесі Нук Еркегул апайдың 6»Ә»сыныппен өткен «Күш атасы - Қажымұқан»тақырыбындағы сабағында «Жасанды интелект» әдісі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудырғаны бірден байқалды. Сондай-ақ «Бинго» әдісі де тиімді болғанын атап айтқым келеді.Пән иесі Тутан Манчуктың 4 «Б» сыныбында өткізген « Қорықта» тақырыбындағы сабағында «Хикая картасы» әдісі оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауына зор ықпал етті .

Пән иесі Нақысбекова Айнұрдың 3» Б «сыныбында өткізген  «Дина күй шертеді» атты сабағында «Попкорн» әдісі өткен сабақты пысықтауға арналған тиімді әдістердің бірі болды.Пән иесі Мырзаханова А Г 6»Б» сыныбында «Жібек жолы» жобасы тақырыбында өткізген сабағына аудан әдіскерлері қатысып оң бағаларын беріп кетті .Пән иесі Дайлыбекова Э М 4»б» сыныбында өткізген «Табиғат ортақ үйіміз» атты сабағында үй тапсырмасын тексеру барысында қолданған «Он қадам» әдісі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қолданылған тиімді әдістердің бірі болды.  5»Б» сыныбындағы «Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер»атты сабағында   пән иесі Дүйсенбиева А АКТ ны тиімді пайдаланды.

Онкүндік аясында өткен іс- шаралар ақпанда туған ақынымыз М .МАҚАТАЕВТЫҢ туған куніне орай ұйыдастырылған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты мәнерлеп оқу сайысы, «Хан тәңірі –МҰҚАҒАЛИ» атты жоба  қорғау , «Тіл асыл ойдың бұлағы» атты эссе байқауы, 2-4 сыныптар арасында өткізілген «Кім жылдам» интеллектуалды ойындармен жалғасын тапса , көңілді үзіліс кезінде өткізілнен «Бір мақал –бір бауырсақ» шарасы ,ұстаздармен өткізілген «ҰЙЫҚТАП ЖАТҚАН ЖҮРЕКТІ ӘН ОЯТАР» /КАРАОКЕ/ іс шарасы мұғалімдерге жағымды ахуал, көңіл күй сыйлады. «Ұлттық құндылық –ұлт болашағы» атты онкүндіктің жабылу кешінде осы іс шараларға белсене қатысқан оқушылар, сыныптар ,сынып жетекшілер алғыс хаттар ,мақтау қағаздарымен  және сыйлықтармен мараппатталды.   Апталық барысында өткізілген ашық сабақтармен іс шараға қатысу,ұйымдастыру барысындағы бірлестік мүшелерінің жұмысы төмендегі кестедегі кретериилер 5 баллдық жүйемен бағаланды.

Р/Н

Мұғалімдердің аты жөні

Сабақтың жаңашылдығы


Мұғалімнің шеберлігі 



Әдіс-тәсілдердің тиімділігі

Оқушылардың қызығушылығын ояту барыс

Мерекелік іс шара ұйымдастыруы

Жиынтық балл

1

Нук Еркегул

5

5

5

5

4

29

2

Тутан Манчук

5

5

5

5

4

29

Мырзаханова А

5

5

5

5

4

29

4

Дайлыбеова Э М

5

5

4

5

4

28

5

Нақысбекова А

5

5

4

5

5

29

6

Дүйсенбиева А

4

5

4

4

-

17


Бірлестік жетекшісі      Дайлыбекова Э М