Мектеп психологының жалпы ата-налар жиналысындағы тренингі » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп психологының жалпы ата-налар жиналысындағы тренингі
23
январь
2024

Мектеп психологының жалпы ата-налар жиналысындағы тренингі

«Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2023-2024 оқу жылындағы жалпы ана-аналар жиналысындағы мектеп психологының жүргізген тренинг анықтамасы


Мақсаты:

     Ата -ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

Мерзімі: 16.11.2023 ж

Қатысқан: 1-11 сыныптар ата-аналары

Барысы : 

       «Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылының   16 қарашасында жоспар бойынша   жалпы ата-аналар жиналысы болды. Жалпы ата-аналар жиналысында мектеп психологы мен мектеп дефектологы  «Ашулы шарлар» мен «Ата-ананың қолдауы» тақырыбында   тренинг өткізді. 

     «Ашулы шар» тренингі.Ортаға 8 ата-ана шақырылды. Ата-аналардың қолына шар беріліп,үрлеу қажет екендігі айтылды.Үрленген шар өздерінің балалары екендігін елестетуі қажет.  Үрленген шарды 4 ата-ана жәй ғана желін шығарады. 4 ата-ана шарды жару керек. Мақсаты ата-ана баласына ашуланған кезде  жәй әңгімелесіп,ақылға салып түсіндірсе баланың мінезі қалыпты болады,ал шарды жарған сәтте : балаға ашуланып , айқайлап ұрысу кезінде баланың сағы сынып жарылуы мүмкін екендігін айтыпөттік.Ата-аналар тапсырманы орындап болғанан кейін өз ойларымен бөлісіп, баламызға зиянымыз тиіп кетпес үшін барлығына дайын екендіктерін деп айтып өтті. 

    Сондай-ақ   «Ата –ананың қолдауы» тренингі өткізілді. Бұл тренингте ата-аналар орта шақырылып психолог ұсынған күн тәріздес лентаны ұсынылады. Ата-аналар әр лентадан ұстап дөңгеленіп тұрады. Ортаға су құйылған ыдыс қойылады. Ата-аналар сол ыдыстағы суды төгіп алмай жоғары ,төмен көтеріп айналу қажет. Мақсаты: ата-ана күн шуағы, бала ыдысқа құйылған су. Осы суды төгіпалмай, балаларды қолдап,қорғап жүру керек . Ата-ананың қолдауы бала үшін өте маңызды екендігін, отбасындағы  қолдау өте маңызды баланың ең бірінші қолдаушылары мен қорғаушылары ата-ана екендігін айтып өттік. 



Мектеп психологы:   Молдахметова Қ.Т