Мектеп психологының ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмысы » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп психологының ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмысы
23
январь
2024

Мектеп психологының ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмысы

Әймен орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған мектеп психологының ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жүргізілген жұмысының анықтамасы 

 Мақсаты:

 Баланың  танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің  даму барысын айқындау.

Осы  мақсатқа  жетуде алдымызға  төмендегідей   міндеттер  жүктелді:

  1. Әр баланың жеке  тұлғалық   қасиеттерін сынып жетекшісімен бірге талқылау және де сынып жетекшісінің  пікірімен салыстыру.
  2. Баланың білімін көтеру мақсатында ата-ана мен сынып жетекшісінің   ынтымақтастығын нығайту.
  3. Зерттеу нәтижесі бойынша төмен деңгейді   көрсеткен  оқушылармен   дамыту  жұмыстарын күшейтуді  қадағалау және психологиялық  ықпал   көрстеу.

Әдістеме атауы: Керін Эрасек 

Диагностикаға қатысқан оқушы: 3 оқушы 

  Тапсырма 4 кезеннен  тұрады. 

1. Нүктелерді нұсқаулықтай  көшіріп салу

2. Сөздерді жазу 

3. Үйдің сүйретін салу 

4. Адамның сүйретін салу 

 

Барысы: 

Алиева Диана  6«Б» сыныбының оқушысы. Тапсырманы орындау барысында : 

1. тапсырманы түсінбеді. Көшіріп жазу керек болған тапсырманы үстінен бастырып шықты. Нүктелерді бір –біріне қосып тапсырманың шартынан ауытқып кетті. Диананың байқағыштық, зейіні мен ойлау қабілеті төмен деңгейде екеніи байқалды. 

2. тапсырма сөзді көшіріп жазу. Диана сөздерді үстінен бастырып қана шықты. Жазылған жазуды оқи алмады. Әріпті танығанымен оқи алмады. 

3. үйдің суретін нұсқаулықтағыдай қайталап салу керек. Диана үйді өз бетінше салды. Қолының ұсақ маторикасы орташа дамыған, үйді салу   барысында байқағыштығы мен есте сақтау қабілеті орташа екені анықталды. 

4. тапсырма бойынша адамның сүйреін салу. Диана қыздың сүйретін өз бетінше, өз қиалымен салып шықты.  Қыздың көйлегін салды. Көйлекке гүлдердің сүйретін салды. Ол дегеніміз Диана өте ашық жарқын, көп әңгімелесуге бейін екені анықталды. 

2. Жолдыханқызы Толғанай 3 «А» сынып оқушысы

1 тапсырма бойынша нүктелерді  нұсқаулықтан ауытқып орындап шықты.Толғанайдың есте сақтау қабілеті мен зейіні шоғырланбаған. Қолының ұсақ маторикасы дұрыс дамымаған. Тапсырманы орындау барысында қолы терлепи ыңғайсыздық туғызып бала қысылып отырды. 

2 тапсырма сөздерді көшіріп жазу барысында Толғанай көшіріп жазды. Жазуы орташа деңгейде. Сөздердегі әріптердің кейбіреуін қателесіп орындады. 

3 тапсырмада үйдің сүйретін салу керек болды. Үйді салу барысында Толғанай берілген нұсқаулықтан ауытқып, шақпақтарды байқамады, байқағыштық деңгейі орташа деңгейде. Тапсырманы орташа деңгейде орындады. 

4 тапсырма бойынша адамның бейнесін салу. Толғанай қыздың сүйретін салды. Қызға көйлегін, шашын ұзын қылып салды.  Толғанай  жазбаша   жазғаннан көбірек сүйрет салуға икемі бар екені анықталды. 

3 . Молжигитов Дархан 4 «А» сынып оқушысы. 

1 тапсырма бойынша Дархан барлығын бұлжытпай орындап шықтв. Нүктелерді нұсқаулықтағыдай көшіріп шақпақтарға орналастырды. Ұсақ маторикасы дамыған. Ойлау ,есте сақтау қабілеті өте жақсы дамығанын анықтадық.

2 тапсырма сөздерді көшіріп жазу. Дархан сөздерді тура көшіріп. Тапсырманы толық орындады. 

3 тапсырма үйдің сүйретін салу. Дарханға үйдің сүйретін тура нұсқау бойынша салу керек екендігі ескертіліп айтылды. Дархан шақпақтарды есептеп тура нұсқау бойынша орындап шықты. Тек үйдің мұржасындағы түтінді өз бетінше салып шықты. 

4 тапсырма адамның сүйретін салу. Дархан ұлдың суретін алды. Суретті салу графикасы анық – өз ойын анық жеткізе алады.  Адамның сүйретін  толық қолын аяғын нақты  салды. Дарханның байқағыштық, зейін , ойлау қабілеттері өте жақсы дамыған. Қосымша өз қиалымен сүйреттерді салып көркейтті.  

Қорытынды: 

Үйден оқитын оқушылармен жүргізілген диагностиканың қорытындысы: 

1. Алиева Диана  4 тапсырманың 1 ғана дұрыс орындап шықты. Диананың есте сақтау қабілеті төмен. Қолының ұсақ маторикасы  орташа деңгейде дамыған. Ойлау қабілеті мен зейіні шоғырланбаған екені анықталды. Дианамен алдағы уақытта  қосымша   диагностикалар мен жаттығулар жүргізу. Ұсақ маторикасын дамытуға арналған жаттығулар жүргізу. 

2. Жолдыха Толғанай 4 тапсырмадан 2 дұрыс орындап шықты. Толғанай   тапсырмаларды орындау барысында   қолынан тер ағып өзін жайсыз сезінді. Қолының ұсақ маторикасымен жұмыс жүргізу қажет.  Есте сақтау, зейіні , ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар жүргізу. 

3. Молжигитоов Дархан 4 тапсырманың 4 де дұрыс орындап шықты. Ойлау қабілеті мен зейіні шоғырланған, өте зерек екендігін байқады. Тапсырма барысында өз күшімен орындап, сұрақтар қоймай бірден орындап шықты. Дарханмен қосымша тапсырмалар орындау барысында ойлау қабілеті, зейіні, есте сақтау қабілеті өте жақсы дамығандығын байқады. Дарханға алдағы уақытта күрделі және ауқымды тапсырмалар беруді ескертіп алдық. 





Мектеп психологы:     Молдахметова Қ.Т