«Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылының I тоқсандық тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысына сараптама » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылының I тоқсандық тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысына сараптама
27
октябрь
2023

«Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылының I тоқсандық тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысына сараптама

            Өткізілу мерзімі:  18.10.- 24.10.2023 жыл

           Мақсаты: ТЖБ – ны уақытылы кестеге сай алынуын қадағалау, оқушы жұмыстарының ережеге сәйкес тексеріліп, ертеңгі күннен қалдырмай электронды журналға қойылуын бақылау және күмәнді жұмыстарды модерациялық комиссияға ұсынылуын ескеру. 

     Ағылшын тілі пән бірлестігінде барлығы 4 мұғалім  жұмыс атқарады.  Кукенов М. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, пед өтілі бірінші жыл, білімі жоғары. 3 «А», 4 «Б», 5 «А»,5 «Б», 8 «А», 9 «Б», сыныптарына сабақ береді. 2023-2024 оқу жылындағы бірінші тоқсанында алынған бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары талапқа сай тексерілмеген. Сынып бойынша алынған және папкаларға жинақталған. Оқушы білімі тексерілмей, электронды журналда білімдері бағаланған. Мұғалімге оқушы жұмысын спецификалық талаптарға сәйкес тексеріліп, бағаларын жүйелеуге екі күн уақыт берілді. Бірақ орындалмады.

      Кермешева Ә.Қ   ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, пед өтілі 7 жыл, білімі жоғарғы,  5 «А», 6 «А»,6 «Ә», 7 «А» сыныптарына сабақ береді. 2023-2024 оқу жылындағы бірінші тоқсанда алынған бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары өз уақытында алынып, тексеріліп тиісьті дескрипторларға сәйкес баллдарын қойып отырған. Оқушы жұмыстары қос параққа және арнаулы А4 парағына жазылған. Мұғалімнің жұмыстарына жинақылықты талап етілетіні ескертілді. Мұғалімге төмендегідей ескртулер айтылды.7 «Б»сыныпты тексеру барысында Бакуева Фатиманың ТЖБ жұмыстары сәйкес келмеді  24\17 балл оқушы жұмысы болса, күнделік кз-те 15 балл қойылған және жазуына назар аударып, комментарийлер жазылу керек. 8 «Б» сынып оқушысы Ибрагимова Зенфираның жұмысы 25 баллдан 16 балл ал,ан. Ал, күнделікте 9 балл қойылған. Оқушылардың жазу каллиграфияларына аса назар аудару керек. Сынып бойынша папкаларға салынған және жинақталған. Мұғалімде кемшіліктері болды.бірақ түзетілді, орындады.

     Омирбекова Ж.А ағылшын тілі пәнінің мұғалімі пед өтілі  14 жыл білімі жоғары. 5 «Б», 6 «Б», 9 «А», 9 «Б», 10 «А», 10 «Б», 11 «А»,11 «Б» сыныптарына сабақ береді.  2023-2024 оқу жылындағы бірінші тоқсанда алынған бөлімдік жіне тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары талапқа сай тексерілген, электронды журналмен сәйкес келеді. 

     Асан Ақерке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі  4 жыл. Білімі арнаулы орта. 3 «А»,3 «Б», 4 «А», 4 «Б»  сыныптарына сабақ береді. Аталған сыныптардан БЖБ және ТЖБ  тапсырмалары алынған. Бірақ, ретсіз. Сынып бойынша папакаларға жинақталып салынбаған. Мұғалімге оқушы жұмыстарын реттеп, бір жүйеге келтіріп келу ұсынылды. Сол қалпы келмеді және тексертпеді. Электронды журналда оқушы білімі бағаланған. Оқушы жұмысын жүйелеп көрсете алмады. 

      « Лингвист»  пән бірлестігінде барлығы 3 мұғалім жұмыс атқарады. Хаджиева Т.В . білімі жоғары, пед.өтілі  жыл. 5 «Б»,8 «Б», 9 «Б»,11 «Б» сыныптарына сабақ береді . 5 «Б» сыныбына орыс тілі балдары сәйкес. Бірақ каллиграфияларына көңіл бөлмейді. Шығармаларында сөйлемнің жүйесі сақталмаған. Орфографиялық қателері өте көп, ескертулері жоқ. Алиев Мухаммад «4» \екпінді\ оқушысы, жұмысы өте төмен деңгейде жазылған, Каллиграфиясы өте нашар. Баширов Равиль 20б алған. Жазған жұмысы 20 баллға тұрарлық емес. Бакуева Эмиля 21 баллмен бағаланған, жазылым тапсырмасын мүлдем орындамаған. Ол жердегі жазылым әрекетінде 100-150 сөзден тұратын мәтін жазу керек болған. Самедова Фатимада 24 балл. Жазылым әрекеті жоқ. Азимов Дилярдың жұмысы 12 баллға лайық емес. Оқушылардың жұмыстары толық, білімдері нақты бағаланбаған. Сыныптың каллиграфиясы өте нашар, 3-4 оқушының ғана жазуы талапқа сай. Мұғалім тарапынан ешқандай комментарийлер берілмеген. 

        5 «Б» сыныбы  орыс әдебиеті Алиев Мухамед 22 б, жұмысы лайық емес. Каллиграфиясы өте төмен. Алиева Зилана, Анкудинов Никита, Ахтанова Динара, Азимов Дияр, Баширов Равиль, Хаджиев Хасанның жұмыстары жазылмаған, күнделік кз-те бағалары тұр. Лазгиев Фаридта 10балл, жұмысы өте төмен деңгейде жазылған. Мамедов Исада 18 балл, жазған жұмысы 22-23 баллға жазған оқушылармен тең. Мухтарова Эминенің баллы 17 ,жазуы жақсы, бірақ білімі төмен бағаланған. Саюнова Гулизардада 17 балл, жұмысын одан жоғары бағалауға болады. Сардаров Ильяста 11 балл, жұмысы түсініксіз.Темиров Исламда 11 балл,жазуында әріп жоқ. Не үшін 11 балл алғаны түсініксіз. Оқушылардың жұмыстарын тексере отырып, мұғалім ешқандай ескерту немесе мадақтау комментарийлерін жазбаған. 

    8 «Б» орыс тілі сыныпта барлығы 14 оқушы. Алиев Захидта 21 балл, Гасаев Ибрагимде 22 балл, Алиев Алида 21 балл алған. Алған баллдары жоғары болғанымен, жұмыстары толық емес. Жазылым әрекетіндегі тапсырманы еш қатесіз көшіріп жазылғандығы көрініп тұр. Оқушы білімі бағаланбаған комментарийлер жазылмаған. 

   8 «Б» орыс әдебиеті баллдары журналмен сәйкес. Ахтанов Сабиттің жұмысы жоқ, журналдағы балы -13 балл. Оқушылардың каллиграфиялары нашар. Комментарийлер жазылмаған. 

     9 «Б»  Орыс тілі сыныпта 20 оқушы бар. Аббасов Закарьяда 21 балл, жұмысы лайық емес. Оқушылардың жазған жұмыстары біркелкі, баллдары әртүрлі. Амитова Хоне мен Бакуев Нияздың жұмыстары жоқ. Журналда бағалары тұр. 

    9 «Б» орыс әдебиеті Шмидт Камилада 23 балл, журналда 24 балл. Толстикова Аринада 23 балл, журналда 22 балл. Аббасов Закарьяда 21 балл, журналда 18 балл. Ибрагимов Исмаилда 13 балл, журналда 12 балл Гусейнова Аделияда 22 балл, журналда 24 балл. Мамедова Эльвирада 22 балл, журналда 25 балл. Мамедова Эсмада 15 балл, журналда 18 балл. Азимова Азизада 18 балл, Мамедов Альаскарда 13 балл, журналда 14 балл. Алиев Валатта 12 балл, журналда 11 балл. Мухтаров Нурадинде 13 балл ,журналда 11 балл. Ибрагимова Зайтунада 13 балл, журналда 12 балл. Бакуев Нияз, Амитова Хоне, Аббасов Измир, Хишманов Русланның жұмыстары жоқ. Журнал мен оқушы жұмысында   мүлдем сәйкестік жоқ .

11 «Б» орыс әдебиеті , 8 оқушы барлығы сәйкес 

11 «Б» орыс тілі  пәнінен ТЖБ жұмыстары жоқ. Аталған сыныптар бойынша әр сыныпта екіден БЖБ жұмыстары алыну қажет болса, мүғалім бірде – бір жұмысын көрсете алмады. 

    Кермешова Н.С. білімі жоғары. Пед.өтілі 34 жыл. 2-11 қазақ сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Ешқандай жұмыстарын әкеліп көрсетпеді. Кабинетінде болмады. 

      Тлепбергенова Қ.М.  білімі жоғары, пед.өтілі-7 жыл. 2,3,4,5 қазақ сыныптарына және 6,10 орыс сыныптарына сабақ береді. Оқушылардың БЖБ және ТЖБ тапсырмалары талапқа сай жазылған. Мұғалімге тапсырмалардың дескрипторларын шығарып салып қою ұсынылды. 

  «Эврика» математика пән бірлестігінде 4 математик және 1 физик жұмыс атқарады. Азамат А. Физика пәнінің мұғалімі, білімі жоғары , пед.өтілі  8 жыл. БЖБ және ТЖБ тапсырмалары уақытылы алынған, журналға баллдары уақытылы қойылған. Барлық сыныптар бойынша оқушы жұмыстары жинақталып, ережеге сай рәсімделген.

Серикова Г.А, Утепова А.А, Срымова З.Ш.    –ларда ТЖБ мен БЖБ материалдары толық жинақталған. Ескертулер жоқ. 

  Дурсунов Х.К. жоғары білімді, пед.өтілі екінші жыл. Күнделік кз бойынша 5,6,7 орыс сыныптарының ТЖБ және БЖБ баллдары оқушы жұмысымен сәйкестендіріліп қойылған. Бірақ, оқушының орындаған тапсырмасы өз деңгейінде тексерілмеген. Оқушының жазған жұмысы төмен , журналдағы және жұмысын бағалауы жоғары. Оқушы білімі ойша бағаланган. Мүғалімге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

     Химия пәні бойынша   2 мұғалім жұмыс атқарады. Кобланова Л.М. орыс сыныптарына сабақ береді. Білімі жоғары, пед.өтілі 36 жыл. Сабақа беретін сыныптары бойынша реттілік жоқ. БЖБ және ТЖБ жұмыстары дәптерге жазылады. Бірақ толық емес, дәптерлері де оқушы санымен сәйкес келмейді. Мұғалімге барлық жұмыстарды жүйелеп , бір жолға қою керектігі ескертілді. 

    Таумұрынов С.А.   жоғары білімді, пед.өтілі 25 жыл. Қазақ сыныптарына сабақ береді. Бөлімдік жиынтық бағалау жұмыстарын көрсете алмады. ТЖБ жұмыстары алынған. Бірақ, оқушы жұмысы мен журналдағы баллдарда алшақтық өте басым. Мысалы, 10 «А» сынып оқушысы Сатей А. Жұмысы 19 баллмен бағаланған . Ал, журналда 28 балл тұр. 8 «А» сынып оқушысы Жанболтқызы Айшолпанның жұмысы 18 баллға бағаланған, журналда 24 балл . 9 «А» сынып оқушысы Базар Іңкәрдің жұмысы 14 балл деп бағаланса, журналда 21 балл. 8 «Б» сыныбының екі оқушысы Петросян Радик пен Алиева Мадинаның жұмыстары жоқ . Барлық сыныптар бойынша баллдары сәйкес емес. 

   Биология пәнінен 3 мұғалім сабақ береді. Жұмыстары тексерілді. Ішінара кемшіліктері болды. Ескертулер жасалды. Ертеңіне кемшіліктер жойылды. 

   Тарих пәнінен екі мұғалім сабақ береді. БЖБ және ТЖБ жұмыстары өз деңгейінде алынған. Уақытылы тексерілген және журналға қойылған. Ешқандай алшақтық жоқ. 

    « Тілшілер» пән бірлестігінде 7 мұғалім сабақ береді. Соның ішінде үлгі тұтарлық жұмыстар Нук Еркегүлдікі. Диктант және БЖБ дәптерлері, ТЖБ папкалары талапқа сай рәсімделіп, тексерілген. Қалған мұғалімдердің жұмыстары да жинақталып, ретке  келтірілді. Бөлімдік жиынтық бағалауды Тутан М, Дүйсенбиева А, Дайлыбекова Э диктант түрінде алған. Дүйсенбиева А. Диктантты бағалауы 5 баллдық шкала, журналда 10 баллдық шкаламен қойылған. Бірлестік жетекшісіне БЖБ тапсырмасын диктантпен алмастыру туралы ӘБ –те қаралған хаттама беру ұсынылды. Сондай-ақ, диктантқа бірыңғай талапта құрастырылған дескрипторды  пайдалану қажеттігі ескертілді. 

    Қорытынды: бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалауды бірнеше мұғалімнің атүсті алынатындығы байқалды. Бақылау жұмыстары уақытылы алынбайды \БЖБ\  және тексерілмейді. Оқушылардың жіберген кемшіліктері немесе алға жетелеуші комментарийлері жазылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары апталап, айлап тексерілмей жатады. Оқушыға бағаны ауадан қояды.  Жиынтық бағалауды өткізу спецификациясымен мүлдем таныспаған мұғалімдер де бар. Сондықтан, оқушы білімін бағалауды білмейді. Оқушының жұмысы жүйелі тексерілмейді. ТЖБ кезіндегі кезекшілер өз кезекшілігін дұрыс атқармайды. Себебі, оқушы жауабы бір, бағалары әртүрлі. 

    Ұсыныс: жұмыстарынан кемшілік кеткен мұғалімдерге тәлімгер тағайындау, апталық жүктеме сағаттарын игере алмаған жағдайда, пән иелерінің  сағаттарын қысқарту.  

Похожие публикации: