«Досбол Laik» айлығы бойынша «Біз біргеміз, берік біздің іргеміз!» тақырыбында өткізілген іс-шара » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Досбол Laik» айлығы бойынша «Біз біргеміз, берік біздің іргеміз!» тақырыбында өткізілген іс-шара
31
январь
2024

«Досбол Laik» айлығы бойынша «Біз біргеміз, берік біздің іргеміз!» тақырыбында өткізілген іс-шара

«Әймен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 

 2023-2024 оқу жылындағы  «Досбол Laik» айлығы бойынша  

 «Біз біргеміз, берік біздің іргеміз!»  тақырыбында   өткізілген іс-шара анықтамасы


Мақсаты : ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және қыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.


Өткізілетін күні: 25.01.2024 жыл

Қатысушылар: ұжым  мұғалімдер

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

       Әймен орта мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылындағы «Досбол Laik» айлығы бойынша    «Біз біргеміз, берік біздің іргеміз!»   тақырыбында  мектебіміздің әлеуметтік педагогы Накысбекова А.А, мектеп психологы Молдахметова Қ.Т бірлесіп мектеп ұжымымен  тренинг өткізілді.  Тренинг барысында мектеп ұстаздарын ең бірінші «Достық шеңбері» атты шаттық шеңберіне шақырылды. Ұстаздар бір-біріне жылы тілектерін айтып көңіл күйлерін көтерді. Сондай-ақ ұстаздар бір-біріне деген жүрек жарды  жылы лебіздерін білдірді.  «Ұстаз бейнесі» атты жаттығу  жүргізілді. Жаттығу барысы ұстаздар екі топқа  қызыл және көк түсті тәтті кәмпиттер арқылы бөлінді . Бөлінген түстер бойынша әлеуметтік педагог Накысбекова Айнур Анарбековна  түсіндірме жұмысын айтып, түстердің қасиеті мен мағнасын ашты. 

      Ұстаздар «Ұстаз бейнесі» тақырыбында  І топ шаршаған,зорыққан ұстаздын бейнесі мен проблемаларын жазып  ІІ топқа сол ұстазға көмек көрсету қажет. Проблемасын шешу жолдары мен шаршағандығын басу жолдарын көрсетіп постерді аяқтады. 

      Тренинг барысында мектеп ұжымымен «Кім жібереді, сол жеңіледі!»» атты шағын  жаттығу жасалды. Мектеп психологы Молдахметова Қарлығаш Тилековна ортаға әр топтан екі ұстазды шақырып, қолдарына резенке жіпті таратып береді. Берілген резенкенің екі жағынан екі ұстаз ұстап өздеріне қарай қатты тартады. «Кім жібереді, сол жеңіледі!» -деп нұсқау береді. 

Жаттығу жасауда резенке жіп үзіледі. Үзілген жіп қай ұстаздың қолында қалады, сол ұстаздың әсерін сұрау қажет. Мақсаты: «резенке» ол ренжіс сол ренжісті жіберу керек. Резенкенің бір ұшын жіберген ұстаз ол өзін жеңіл еш қиналмайды. Ал резенкені жібермей қолында ұстап қалған ұстаздың қолы қатты ауырып, қорқыныш сезімі пайда болды. «Ренжісті іште сақтамай , кектенбей жай ғана жібере салу керек»-деп мектеп психологы жаттығуды аяқтады. 

     Тренинг соңында барлық ұстаздар мен бірге Қарақат Әбділдинаның «Жақсы адамдарым!» атты әнін шырқап аятады.