Мектеп психологының емтихан кезіндегі қолдауы » Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Аймен орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Аймен орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп психологының емтихан кезіндегі қолдауы
27
февраль
2024

Мектеп психологының емтихан кезіндегі қолдауы

"Әймен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылында 11 "А" сынып оқушыларымен  "ҰБТ-ға сеніммен барайық!" тақырыбында мектеп психологының  өткізген тренинг анықтамасы 
 
Тренинг мақсаты: 
Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру , стрессті жеңуге жол көрсету. Емтихан кезінде өзін қалай дайындау керектігін түсіндіру, қолдау. 

       Ақпанның 27  күні  11 сынып оқушыларымен мектеп психологы К.Молдахметова "ҰБТ-ға сеніммен барайық" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингке  11 "А" сыныбының 5 оқушысы қатысты. Тренинг барысында  оқушылардың қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында "Баспалдақ" әдісі жүргізілді. Қорытындысы бойынша Капсаламова А, Батырханова С қобалжу деңгейлері орташа деңгейде. Мұратхан Айсымбат қобалжу деңгейі томен деңгейде екені анықталды. 
       Сондай-ақ бойларындағы қорқыныш үрейлерінен арылу мақсатында "Қорқыныш суреті" әдісін  пайдаландық. Балалар бойларындағы қорқыныш үрейлерінің сүйретін не болмаса жазумен де жазып берсе болады. Салынған суреттері туралы қысқаша әңгімелеп берді. Мұғалімнің нұсқауы бойынша 1. Суретті жыртып , қоқыс жәшігіне салып қорқыныш сезімінен арылу 
2. Қорқыныш суретін бүктеп  қалталарына салып, сол қорқынышпен жүру
3. Суретті гүлдендіріп қорқыныш сезімдерін  жеңу 
Оқушылар бір келкі  қорқыныш суреттерін жыртып қоқыс шелегіне тастады. 
   Сондай ақ  емтихан кезінде үй жағдайында қалай дайындалу керек екендігі туралы мектеп психологының тарапынан кеңес беру парағы таратылып берілді.